Тұрғын үй-коммуналдық шаруашылығының борышы үшін «Шығысэнерготрейд» Өскемендегі көше жарықтарын сөндіретін болды
12:38, 29 Қаңтар 2009
ӨСКЕМЕН. Қаңтардың 29-ы. ҚазАқпарат /Людмила Малько/ - Бүгіннен бастап Өскемендегі көше жарықтары кезекпен сөндірілетін болды,
деп хабарлайды ҚазАқпарат тілшісі.«Шығысэнерготрейд» компаниясындағылардың айтуынша, облыс орталығындағы көше жарықтарының сөндірілуіне Тұрғын үй-коммуналдық шаруашылығы қалалық бөлімінің борышы себеп болып отыр. Өскемен қаласының Тұрғын үй-коммуналдық шаруашылығы, «Жолаушылар көлігі және автокөлік жолдары» мемлекеттік басқармасының кешегі күнгі жағдай бойынша борышы 10 миллионға жуық теңгені құрайды. Компания басшылығы көше жарықтарының сөндірілуі қаладағы қылмыстық жағдайдың ушығуына себеп болуы мүмкін екенін түсініп отыр, сондықтан да полиция кезекшілік атқаратын орталық көшелердің ғана жарықтары сөндіріледі.Тек қана Өскемен қаласы бойынша барлық 15 заңды тұлғаның әрқайсысының қарызы 1,5 миллионнан 10 миллион теңгеге дейінгі соманы құрайды. Олардың қатарында коммуналдық кәсіпорындар, мемлекеттік мекемелер, білім ошақтары, пәтер иелерінің кооперативтері, трамвай парктері де бар. Ал, компания алдындағы жалпы Шығыс Қазақстан облысының берешегіне келетін болсақ, компанияның атқарушы директоры Ирина Клибинаның айтуынша, бұл сома 525 миллион теңгені құрайды.