«Клиенттерге қызмет көрсету сапасын арттыру мақсатында банкте заманауи Colvir Banking System жүйесі енгізіледі. Банк операциялары енді жылдам жүзеге асырылатын болады, ал алдағы уақытта Colvir жаңа қызметтерді енгізуге жол ашады», - делінген банктің баспасөз қызметінің хабарламасында.
Қазақстандағы қаржы транзакциясының 70% Colvir үлесінде. Colvir елдің көптеген ірі банктері мен қаржы мекемелерінде орнатылды. Сонымен бірге ол ҚР Ұлттық банктің резервтік жүйесі.
Жаңа банк жүйесін енгізу жұмыстары 2015 жылдың 31 желтоқсанынан 2016 жылдың 9 қаңтарына дейін жүргізіледі. Осыған байланысты, бұл мерзімде банк келесі операцияларды жүзеге асырмайды:
- кассалар, төлем терминалдары арқылы жүргізілетін кіріс операциялары;
- тұрғын үй құрылысжинақтары туралы шарттар жасау;
- несие өтініштерін қабылдау;
- қарыз беру;
- постдепозиттік операциялар;
- постнесиелік операциялар.
11 қаңтардан постдепозиттік және постнесиелік операциялардан басқалары қайта іске қосылады. Ал постдепозиттік және постнесиелік операциялар 2016 жылдың 1 ақпанынан жүзеге асырыла бастайды.
Тұрғын үй құрылыс жинақтары туралы шарттардың талаптарын өзгерту бойынша операциялар салымшылардың жинақ шотына 2015 жылғы мемлекеттік сыйақы төленбей тұрып жасалмайды.