Полиция өкілдерінің хабарлауынша, бүгін «102» нөмірінің кезекшісіне «Тұрғын үй құрылыс жинақ банкінің» ғимаратына жарылғыш зат қойылғаны туралы мәлімет келіп түсті.
Ақпарат расталған жоқ.
«Тұрғын үй құрылыс жинақ банкі» АҚ-ның үшінші ғимаратынан жарылғыш зат табылған жоқ. Аталған құқықбұзушылық бойынша қылмыстық іс қозғалды. Біз арандатушыларды іздестірудеміз»,-деді Алматы қалалық ІІД баспасөз қызметінің жетекшісі Салтанат Әзірбек.
Айта кетейік, 2 маусым күні Алматы қаласының ІІД-не Абылай хан мен Қазыбек би көшелерінің қиылысында орналасқан қалалық сәулет ғимараты мен «Тұрғын үй құрылыс жинақ банкі» АҚ-ында жарылғыш зат қойылды деген мәлімет түскен. Ғимаратта жүрген қызметкерлердің барлығы эвакуацияланды.