Тұрғын үй құрылысы бойынша басқа бағдарлама болмайды - Елбасы

АСТАНА. 22 маусым. ҚазАқпарат - Мемлекет тұрғын үй бағдарламасына арналған қосымша субсидия бөлмейді.

Бұл туралы бүгін Ақордада кәсіпкерлікті дамыту мәселелеріне арналған кеңесте Елбасы Нұрсұлтан Назарбаев мәлім етті.

«Тұрғын үй құрылысы бойынша барлық бағдарламалар қабылданды. Ешқандай қосымша субсидиялау болмайды. Мемлекетке ақша басқа мақсаттар үшін де қажет. Барлығы жасалды, тұрғын үй жинақ жүйесі бар, ипотека бар. Қолжетімді баспана бойынша қаржы бөлінді», - деді Мемлекет басшысы.