деп хабарлады Астана әкімдігінің баспасөз қызметінен.
Жергілікті атқарушы органның ҚР Тұрғын үй құрылысының 2008-2010 жылдарға арналған Мемлекеттік бағдарламасы аясында тұрғызылып жатқан үйлерді жүзеге асыру Ережесінің ұпай беру критерийлеріне өзгерістер «Қазақстан Республикасы Үкіметінің 2008 жылғы 19 шілдедегі №711 қаулысына толықтырулар енгізу туралы» Қазақстан Республикасы Үкіметінің 2009 жылғы 6 қарашадағы №1770 қаулысына сәйкес енгізіліп отыр.
Аталған толықтыруларға сәйкес Ереженің 13 тармағында Мемлекеттік бағдарлама қатысушыларының «мемлекеттік қызметші болып табылмайтын, мемлекеттік мекеме қызметшісі» санаты бойынша мемлекеттік органдағы қызмет өтілі бойынша қосымша ұпай беріледі.
Мұнан өзге «мемлекеттік кәсіпорын жұмысшысы» санаты бойынша мемлекеттік орган, мемлекеттік бюджет есебіне кіретін мекемедегі қызмет өтілі бойынша қосымша ұпай беріледі.
Бүгінгі таңда Астана қаласының Тұрғын үй басқармасында көрсетілген санаттар бойынша жұмыс өтілі қайта есептелуде. Ұпайларды қайта есептеу аяқталып, оны тұрғын үй комиссиясы бекіткеннен кейін оның қорытындысы Астана қаласы әкімдігінің сайтында жарияланатын болады.