«ҚР Статистика агенттігінің мәліметі бойынша, 2010 жылдың қыркүйегінде, яғни өткен жылдың осы кезеңімен салыстырғанда тұрғын үйге негізделген жылжымайтын мүлікке бағаның өсуі үрдісі байқалуда»,-деді агенттік басшысы.
Қазақстанда бір адамға шаққанда жылына орташа есеппен 0,4 шаршы метр тұрғын үй салынады. 2007 жылы құрылыс қарқынының жоғарылауы кезінде бұл көрсеткіш 0,52 шаршы метрді құрады. «Дамыған елдерде жан басына шаққанда жылына 1 шаршы метр тұрғын үй пайдалануға беріледі. Осы көрсеткішті арттыру үшін тұрғын үй құрылысы секторына инвестиция қажеттілік етеді»,-деп тоқталды С. Нокин.
Оның сөзіне қарағанда, 2009 жылы осы салаға бағытталған инвестиция 270 млрд. теңгені құрады. Бұл 2007 жылдағы көрсеткішке қарағанда 40 пайызға төмен.