«Тұрғын үй құрылысының мемлекеттік бағдарламаларын іске асыру тұрғын үй құрылысы қарқынының тұрақты өсуін қамтамасыз етті. Тұрғын үй құрылысына бағытталған инвестициялар соңғы он жылда 10 есеге дерлік ұлғайды», - деді агенттік басшысы.
Оның атап өтуінше, жалпы, құрылыста орындалған құрылыс жұмыстары көлемінің оң серпіні байқалады. Ол 2011 жылы 2 трлн. теңгені құрады. Құрылыс жұмыстарының нақты көлем индексі 2011 жылы 1991 жылғы деңгейге қарағанда 17,5 пайызға жоғары, ал 2012 жылдың соңғы 11 айында ол нақты көріністе тағы 2,5 пайызға артты.