«Қабылданған шаралар 2014 жылмен салыстырғанда 2015 жылы тұрғын үй секторында тілсіз жаудың туындауы деңгейін барша бағыттар бойынша елеулі түрде төмендетуге мүмкіндік берді. Атап айтқанда, еліміз аумағындағы түрғын үй секторында өрт фактілерінің көлемі 5 пайызға, ал өрт салдарынан өмірі қиылғандардың саны 14 пайызға төмендеді», - деді бүгін Орталық коммуникациялар қызметіндегі баспасөз мәслихатында ведомствоның ресми өкілі Руслан Иманқұлов.
Дегенмен де осы көрсеткіштерге қарамастан, 2015 жылы тұрғын секторында 10 мыңға тарта өрт тіркеліп, оның салдарынан 300-ден астам адам қаза болды және 510 адам жарақат алды. Өрттер көбінесе қалалық жерлерде орын алуда.
Ведомство мәліметінше, тұрғын үй секторында қызыл жалынның таралуына көп жағдайда адамдар өздері кінәлі болады. Яғни бұл тұрғыда отты дұрыс пайдаланбау, электр құрылғылары мен пештерді орнату және пайдалану ережесін ескермеу секілді негізгі себептер тіркелуде.
Белгілі болғандай, өрт кезінде өмірі қиылған адамдар саны Қостанай облысында 29,4 пайызға және Астанада 30 пайызға өскен екен.
Руслан Ғаббасов
Ақмола облысының Біржан сал ауданында дүниеге келген. Л.Н. Гумилев атындағы Еуразия ұлттық университетінің журналистика факультетін бітірген. 2005 жылдан бері «ҚазАқпарат» халықаралық ақпарат агенттігінде жұмыс істеп келеді.