Бұл туралы бүгін Астанада өткен брифингте ҚР Төтенше жағдайлар министрлігінің ресми өкілі Любовь Шапошникова мәлім етті.
«Тұрғын үй секторындағы өрт саны төмендегенін атап өткен жөн. Мәселен, 2010 жылы 13 мыңнан астам өрт тіркелген болса, 2011 жылы оның саны 10 мыңды құрады»,-деді ол.
Оның сөзіне қарағанда, өрттердің шығуы негізінен адамдардың қауіпсіздік тұрғысындағы немқұрайлылығынан болып жатады.
«Тәжірибе көрсетіп отырғандай, өрттердің басым бөлігі «адами фактордың» себебінен болып жатады»,-деді ресми өкіл.
Осы орайда Л. Шапошникова өрттер саны қыз мезгілінде артатынын, республика хылқының басым бөлігі (60 пайызлан астамы) қыста жылыту пештерін пайдаланатынын жеткізді.
«Пештерді орнатуда және оларды пайдалану кезінде өрт қауіпсіздігі ережелерін сақтамайтын көптеген азаматтар өз үйлері мен туғандарының өміріне үлкен қатер төндіреді. Төтенше жағдайлар министрлігі қыс мезгілінде қауіпсіздік ережелерін қатаң сақтау керектігін ескертеді»,-деп атап өтті ресми өкіл.