«Соңғы үш жылдың ішінде нақты шаралар атқарылды. Жалақыны бірнеше рет көтердік. Тұрғын үй төлемдерін алатын қызметкерлер көбейді. Қазір олардың саны 38 мыңнан асты. Ұлттық ұланға қолдау көрсетілуде. Материалдық-техникалық базаны нығайту үшін жыл сайын қомақты қаржы бөлініп отыр. Инновациялық технологиялар енгізілуде. Жалпы ішкі істер органдарына қолдау көрсетіле береді. Осының бәрі азаматтарды қорғау және қоғамдық тәртіпті нығайту үшін керек. Темірдей тәртіп – тұрақтылық пен тыныштықтың кепілі. Мен Министрлік басшылығы аймақтарға барып, жұртпен кездесіп жүргенін білемін. Тұрғындарды толғандыратын мәселелер аз емес. Соның бәрін көзбен көріп, ақылдасып, бірлесіп шешкен дұрыс. Сондықтан біз бүгін ішкі істер органдарының жұмысына қатысты өзекті мәселелерді талқылаймыз», - деп атап өтті Қазақстан Президенті.
12:31, 30 Маусым 2023
Тұрғын үй төлемдерін алатын полиция қызметкерлерінің саны 38 мыңнан асты
АСТАНА. ҚазАқпарат – Мемлекет басшысы Қасым-Жомарт Тоқаев Ішкі істер министрлігінің алқа мәжілісінде полицейлерге соңғы үш жылдың ішінде қандай қолдау шаралары қабылданғанын айтып өтті, деп хабарлайды ҚазАқпарат Ақордаға сілтеме жасап.