Министрдің алға тартқан деректеріне қарағанда, соңғы алты жылдың ішінде елімізде қазандықтың жарылуы 28 рет тіркеліп, 17 адам қаза тапса, 27 адам жарақат алған.
«Олардың барлығы да жылу жүйесін қауіпсіз пайдалануға заңнамалық деңгейдегі бақылаудың болмауынан орын алды. Ертеректе, мемлекеттік басқару деңгейлері арасында өкілеттікті бөлу мәселелері бойынша заң қабылданғанға дейін ТКШ нысандарында қауіпті техникалық құралдарды пайдалануға бақылау жасауды Индустриалды даму және өнеркәсіптік қауіпсіздік комитеті жүзеге асырған болатын. Қазіргі уақытта мұндай бақылау жергілікті атқарушы органдардың құзіретіне кіреді. Комитетте өнеркәсіптік нысандарға ғана рұқсат беру қызметі қалып отыр. Сондықтан мұндай фактілердің орын алуына жол бермеу мақсатында оны заңнамалық тәртіппен реттеу немесе бұл қызметті өкілетті органға қайта беру қажет деп санаймыз. Бұған қоса, жергілікті атқарушы органдар көппәтерлі тұрғын үйлердің барлық жылу беру жүйесіне тексеру жүргізуі тиіс және ғимараттардан қазандықтарды шығару мәселесін мүмкіндігінше шұғыл шешулері қажет», - деді Қасымов.