АСТАНА. 9 желтоқсан. ҚазАқпарат - Шығыс Қазақстан облысына қарасты Самар ауылындағы жеке тұрғын үйде өрт болып, құтқарушылар төтенше оқиға орнынан 35 жастағы келіншектің денесін тапты.
Бұл ақпаратты еліміздің Төтенше жағдайлар министрлігінің баспасөз қызметі таратып отыр.
Ведомствоның таратқан ақпаратына сәйкес, төтенше оқиға таңғы сағат 07:45-те орын алып, қызыл жалын 15 шаршы метр аумақты қамтыған. Өртті ауыздықтауға ҚР ТЖМ Шығыс Қазақстан облыстық төтенше жағдайлар департаменті жеке құрамының 5 маманы мен 1 техникасы жұмылдырылған.
Марлан Жиембай
Абай облысының Аягөз ауданында дүниеге келген. Әл-Фараби атындағы Қазақ ұлттық университетінің филология факультетін бітірген. 2005 жылдан бері "ҚазАқпарат" халықаралық ақпарат агенттігінде жұмыс істейді.