Тұрғын үйді тапсырудан үш облыс көш бастады - Роман Скляр

Фото: None
НҰР-СҰЛТАН. ҚазАқпарат – ҚР Индустрия және инфрақұрылымдық даму министрі Роман Скляр құрылыс пен тұрғын үй тапсыру саласындағы өңірлердің көрсеткіштерін жариялады, деп хабарлайды ҚазАқпарат тілшісі.

«Құрылыс бойыншанақты көлем индексі 2019 жылғы қантар-шілде айларында 111,5 пайызды құрады. 8өңірде оң динамика байқалады. Атап айтқанда, Қызылорда (275,5%), Қарағанды(193,6%), Атырау (129%) облыстары көш басында. 3 өңірде көрсеткіштіңтөмендегені байқалып отыр. Олар: Маңғыстау облысы (-30,4%) және Нұр-Сұлтан(-12,5%), Шымкент (-34,4%) қалалары», - деді Роман Скляр Үкімет отырысында.

Министрдің айтуынақарағанда, 7 айдың қорытындысы бойынша елімізде 6,5 млн шаршы метр тұрғын үйпайдалануға берілген. Ол 2018 жылдың дәл осындай кезеңімен салыстырғандағыкөрсеткіштің 96,3 пайызын құрған.

«Республика бойыншабарлығы 55 849 баспана пайдалануға берілді. Оның ішінде 24 013 жеке тұрғын үйбар. Тұрғын үйді тапсыру көлемінің артуы өткен жылмен салыстырғандареспубликаның 7 өңірінде жалғасуда. Тұрғын үйді тапсыру бойынша көшбастағандар: Түркістан (130,9%), Қызылорда (128,7%), Қостанай (118,6%)облыстары. Тұрғын үйді тапсыру қарқыны бойынша төмен көрсеткіштер Маңғыстауоблысында (87,7%) және Нұр-Сұлтан қаласында (64,1%) байқалады. Жылдық жоспарға(105,0%) қол жеткізу үшін осы өңірлерде жұмысты жандандыру қажет», - деп түйдіРоман Скляр.

Соңғы жаңалықтар