Мәскеудегі балалар құқықтары жөніндегі уәкіл Ольга Ярославскаяның айтуынша, алты жасар бала Каширское тас жолындағы көпқабатты үйдің 11-қабатының терезесінен құлап кеткен. Қазір бала ауыр халде жансақтау бөлімінде жатыр. Дәрігерлер оған барлық қажетті медициналық көмек көрсетуде.
Сондай-ақ Ольга Ярославская бұл отбасында тағы төрт бала бар екенін мәлім етті.