Тұрғын үйдің құрылысы барысында 54 метрлік биіктіктен краншы құлап, мерт болды
08:23, 30 Қазан 2009
АСТАНА. Қазанның 30-ы. ҚазАқпарат - Кеше, Алматы қаласы Бостандық ауданында 16 қабатты «Төле би -Тау» тұрғын үй кешенінің құрылыс жұмыстарын жүргізу барысында мұнаралы кранның 54 метрлік биіктігінен краншы құлап,
мерт болды, деп хабарлайды ҚазАқпарат ҚР ТЖМ баспасөз қызметіне сілтеме жасап.
Оқиға қазанның 29-ы күні 13 сағат 30 минутта болды. Құрылыс жұмыстарын жүргізуші - «Бейбарыс продакшн» ЖШС-і.