Бұл туралы ҚР ТЖМ-нан хабарлады.
18 шаршы метр аумақты шарпыған тілсіз жау екі сағатта ауыздықталды. Оны жоюға ҚР ТЖМ Астана қаласы бойынша ТЖД өртке қарсы қызметінің 28 адамы мен 5 техникасы жұмылдырылды.
Осы күні Өскемен қаласында бес қабатты тұрғын үйдің жоғары қабатындағы пәтерден өрт шықты. ҚР ТЖМ Шығыс Қазақстан облысы бойынша ТЖД өртке қарсы қызметінің 15 адамы жалынды бір сағаттың ішінде сөндірді. Оқиға орнында 87 жастағы қарттың мәйіті табылды.
Сәрсенбі күні таңертең, Солтүстік Қазақстан облысының Жамбыл ауданында тұрғын үй жанды. 40 шаршы метрге тараған отты құтқарушылар тек үш сағаттан кейін ғана толығымен ауыздықтай алды. Өрт салдарынан 53 жастағы әйел өлім құшты.
Төтенше жағдайды жоюға ҚР ТЖМ Солтүстік Қазақстан облысы бойынша ТЖД өртке қарсы қызметінң 12 адамы мен 2 техникасы жұмылдырылды.