Тұрғын үйлерді нағыз кәсіп иелері басқаруы қажет

АСТАНА. 11 тамыз. ҚазАқпарат /Қанат Мәметқазыұлы/ - Бүгін еліміздегі Құрылысшы күні қарсаңында, «Тұрғын үйді басқарушының әліппесі» атты кітаптың алғашқы тұсаукесері өткізілді.

Аталған кітап «ЖМҚ Менеджмент» ЖШС басқарушы компаниясының мамандарымен «Самұрық-Қазына» жылжымайтын мүлік қоры» АҚ қатысуымен салынған тұрғын үйлерден алынған тәжірибе негізінде әзірленген.

Кітапта тұрғын үйді басқаруға арналған негізгі әдістемелік ұсыныстар: тұтынушылармен пайдалану қызметтері және тарифтерді әзірлеу принциптері келтірілген, алғаш рет қолданылатын тұрғындармен қоғамдық кеңестер құру жұмыс құралы сипатталған. «ЖМҚ Менеджмент» ЖШС директоры Айсұлтан Ақчуриннің айтуынша, «Тұрғын үйді басқарушының әліппесі» алдағы уақытта конкурстық негізде өзінің тұрғын кешендерін тартуды жоспарлайтын қызмет көрсету және сервистік компанияларға арналған өзіндік жолнұсқасы болуға үндейді. «Жалпы тұрғын үйлерді кәсіпқойлар, нағыз осы кәсіптің иелері басқаруы қажет, өйткені тұрғын үй қорының болашақ жағдайы қазіргі кездегі қызмет көрсету сапасына тікелей байланысты. Қолайлылық, жайлылық және үйдегі, үй ішіндегі инженерлік желілердің үздіксіз қызмет етуі - кез-келген адамның тіршілік әрекетінде негізгі болып табылады» - деді ол. Сөз соңында, Айсұлтан Ақчурин, кітапты шығаруға қатысқандардың бәріне алғыс білдіріп, аталған жұмыс нарықтағы көптеген басқарушы компаниялар мен ПИК-терге көрсетілетін қызметтің сапасын жақсартуға көмектесетініне сенім білдірді.

«ЖМҚ Менеджмент» ЖШС басқарушы компаниясы - «Самұрық-Қазына» жылжымайтын мүлік қоры» АҚ еншілес ұйымы болып табылады. Өз қызметінде жаңа және заманауи шешімдерді қалыптастыру - компанияның негізгі қағидаттарының бірі болып отыр. Бұл ретте «ЖМҚ Менеджмент» ЖШС қызметінің негізгі бағыттары тұрғын және коммерциялық жайларды жалға беру, ғимараттарды пайдалану және техникалық қызмет көрсету болып табылады.