Бұл туралы ол Фейсбуктегі парақшасында айтты.
«Тұрғын үй қорын ұстау мәселелерін қарадық. Жедел шешетін маңызды мәселенің бірі — қаланың барлық аудандарындағы иесіз коммуналдық желілер. Бұл мәселе толық анықталмағандықтан тұрғындар су, жарық және жылу үшін тарифті асыра төлеуде. Сондықтан Тұрғындар қала қызметтерінің селқостығы немесе немқұрайдылығы салдарынан зардап шекпеулері тиіс. Энерготиімділік және инфрақұрылымдық даму басқармасы басшысы Әсет Масабаевқа жыл аяғына дейін «Алматы су» МҚК, «Алматы жылу желілері» ЖШС, «Алатау Жарық Компаниясы» АҚ баланстарына қаланың барлық аудандарындағы иесіз коммуналдық желілерін өткізуді тапсырдым», - деді қала әкімі.