Тартылған қаражат көлемі 120 млн теңгені құрады. Қазіргі уақытта қаржылық пирамиданы ұйымдастырды деген күдікке ілінген әйел ұсталып, соттың санкциясымен екі ай мерзімге қамауға алынды.
Сотқа дейінгі тергеп-тексеру жалғасуда.
«Егер сіз және сіздің жақындарыңыз қаржы пирамидасының әрекетінен зардап шексе, ҚМА саll-орталығына хабарласыңыз», - деп жазды ведомстводан.
Еске салайық, Қаржылық мониторинг агенттігі қаржы пирамидасы ретінде әрекет етеді деген күдікке ілінген, сондай-ақ сот үкімі шыққан ұйымдардың кеңейтілген тізімін жариялады.