Тұрғындардың өзін-өзі еңбекпен қамтуына қатысты дөңгелек үстел өтеді

АСТАНА. Қаңтардың 18-і. ҚазАқпарат - Ертең, қаңтардың 19-ы күні Мәжіліс үйінде «Алматы қаласы мен Алматы облысының Еңбекшіқазақ ауданы мысалында тұрғындардың өзін-өзі еңбекпен қамтуының жағдайы туралы» дөңгелек үстел өтеді,

деп хабарлайды ҚазАқпарат.

Бұл шаранының ұйымдастырушысы - «Нұр Отан» ХДП ҚР Парламенті Мәжілісіндегі фракциясы жанындағы Әлеуметтік кеңес. Дөңгелек үстел ҚР Еңбек және халықты әлеуметтік қорғау министрлігімен, сондай-ақ Біріккен Ұлттар Ұйымының Әйелдер даму қорымен бірлесе жүзеге асқалы отыр.