Мамандар 188 елдің мәліметтерін зерделеп, оның нәтижелерін The Lancet-те жария еткен.
Бұл тізімде бірінші орынды Америка алды, одан соңғы орындарға Қытай мен Үндістан жайғасты. Төртінші орынды Ресей иеленді. Сондай-ақ тым етжеңді адамдар мекендейтін елдер тізімінің ондығына Бразилия, Мексика, Египет, Германия, Пакистан мен Индонезия енді. АҚШ-та әлемдегі семіздіктен зардап шегетін жандардың 13% тұрады екен. Зерттеулер нәтижелері бойынша, калориясы жоғары тағамдарды тұтыну салдарынан семіздіктен зардап шегетін адамдар саны 33 жыл ішінде 857 млн-нан 2,1 млрд-қа дейін артқан, ал 2010 жылы әлемде артық салмақтан шамамен 4 млн адам көз жұмған.