Білім министрі Тамар Габуния мектептерде күндізгі оқу басымдыққа ие екенін атап өтті, сонымен қатар ДДҰ күндізгі оқуға тыйым салуды соңғы кезекте енгізуді ұсынады. Грузияда оқу жылы 1 қыркүйекте емес, 15 қыркүйекте басталады. «Егер эпидемиологиялық жағдай қауіпсіз мектеп ортасын қамтамасыз ету үшін жеткілікті түрде тұрақталмаса, әрине, бұл тұрғыда оң шешім қабылдау мүмкін емес, вакцинация мәртебесі де маңызды», - деді Габуния.
Ұжымдық иммуниттке қол жеткізуге екі қадам қалды, бірақ инфекция қарқыны өсуде. Түркия күшейтілген вакцинация аясында COVID-19 жағдайларының ең жоғары деңгейіне жетті. Тұрғындардың 77% - дан астамы вакцинаның алғашқы дозасын алды, ал 59% толығымен егілді. Осыған қарамастан вирус жұқтырудың жаңа жағдайлары мен ауру салдарынан көз жұмғандар саны өсуде. Өткен аптада қауіпті ертке шалдыққандардың күнделікті өсімі 20 мың жағдайға жетті, ал өлім саны 250-ден асты. Бұл Түркиядағы коронавирустың үшінші толқынының ең жоғары көрсеткіштері.
Денсаулық сақтау министрлігінің мәліметінше, жансақтау бөліміне жатқызуға дейін алып келетін бұл вирус егілмеген азаматтар арасында кең таралуда.