Ведомство мәліметінше, үй шаруашылықтарын іріктемелі зерттеу бойынша табысы ең төменгі күнкөріс деңгейінен төмен халықтың үлесі (кедейлік деңгейі) 2020 жылғы I-тоқсанда 4 пайызды құрады. Бұл өткен жылғы тиісті кезеңмен салыстырғанда 0,1 пайыздық тармаққа төмен.
2020 жылғы I тоқсанда кедейлік деңгейінің ең үлкен мәні Түркістан (9,8%), Маңғыстау (5,8%) және Жамбыл (5,2%) облыстарында байқалды. Ал ең төмені – Нұр-Сұлтан қаласында (1,1%) тіркелді.
« Децильдік бөлудегі үй шаруашылықтарының шығыстары табыстар сияқты айтарлықтай саралануды көрсетеді. Сонымен, 2020 жылғы I-тоқсанда азық-түлік тауарларына жұмсаған шығыстар деңгейіндегі 10 пайыз ең аз және 10 пайыз ең көп қамтамасыз етілген халықтың арасындағы айырмашылық 5 есені, азық-түлік емес тауарларға – 8 есені, ал ақылы көрсетілетін қызметтерге – 5,6 есені құрады « , - деді комитеттен.