«Тұрғынүйжинақбанкі» АҚ несиелерінің тек 30 пайызы «Қолжетімді бағдарлама» бағдарламасына беріледі

АСТАНА. ҚазАқпарат - «Тұрғынүйжинақбанкі» АҚ несиелерінің тек 30 пайызы «Қолжетімді бағдарлама» бағдарламасына беріледі.

Бұл туралы аталған қаржы институтының басқарма төрағасы Айбатыр Жұмағұлов мәлім етті.

«Тұрғынүйжинақбанкі» АҚ беретін несиелердің шамамен 70 пайызы - коммерциялық, ал қалған 30 пайызы «Қолжетімді баспана» бағдарламасына бағытталады. Бүгінгі мәліметтерге қарағанда, бұл үрдіс төмендеп келеді және өткен жылы бағдарламаға бөлінген қаржы 20 пайызды құрады», - деді ол.

Оның атап өтуінше, қазіргі таңда банк жылжымайтын мүлік сатып алу үшін несие берудің жаңа саясатын қолға алып отыр. Сонымен бірге тұрғын үй заемдерін беру рәсімдері мен талаптарын да жеңілдетті. Банк қызметінің ашықтығын арттыруға бағытталған шараларды да қолға алуда.

Айта кетейік, «Қазақстантұрғынүйжинақ банкі» АҚ-ның негізгі міндеті - Қазақстанның барлық аймақтарында тұрғын үй құрылыс жинақтары жүйесінің халыққа кеңінен қолжетімді болуын қамтамасыз ету, үйді жақсарту үшін сапалы банк қызметін ұсыну.