«Кеше Алтай ауданының Кутиха ауылынан 6 шақырым жерде Тұрғысын өзенінің суы көтеріліп, оқиға орнынан түрлі видеолар тараған болатын. Су қауіпті деңгейге дейін көтерілген жоқ, арнасынан да аспады. Жақын маңдағы елді мекендерге ешқандай қауіп төнбейді. Халықты қауіпсіз жерге көшіру, төтенше жағдай қызметінің жеке құрамы жұмылдыру қажеттігі туындаған жоқ. Салынып жатқан су электр стансасының аумағын су басқанымен, зардап шеккен адам болмады» - делінген ресми ақпаратта.
Департаменттің хабарлауынша, қазір оқиға орнында облыстық теөтенше жағдайлар департаментінің басшысы Нұрлан Мадияров жүр. Өзен суының деңгейі мониторингтік бақылауға алынған.