Түрік әншісі Таркан нашақор екенін мойындады
Жергілікті телеарнаның хабарлауынша, әртіс өзімен бірге ұсталған тағы 10 адаммен бірге кеше күндіз Бесіктас аудандық сотына жауап алу үшін жеткізілді, деп хабарлайды ИТАР-ТАСС агенттігі.
Сот амалы 45 минуттай уақытқа созылды. Прокурорды сұрақтарына жауап берген Таркан: «есірткі заттарын қабылдайтынын» мойындап, «бірақ онысы үшін қатты өкінетінін» айтты. Достары мен таныстарына есірткі таратады деген күдікті ол үзілді-кесілді теріске шығарды. Бұған дейін куәгерлердің бірі полицияға «танымал әншінің өз үйіне достарын есірткіге шақыратынын» мәлім еткен болады. Күдік келтіруге де осы мәлімдеме себеп болып отыр.
Кейбір мәліметтер бойынша, әнші медициналық тексеруден өтіп, нашақорлықтан емделуге әзір екенін айтып отыр.