Алдын ала тергеу қорытындысына сәйкес, жарылғыш заттарды лаңкес іске қосқандығы аталып өтілді.
Анкарадағы жарылыстар «Еңбек. Бейбітшілік. Демократия» бейбіт наразылық шеруі кезінде болды. Онда шеруге қатысушылар түрік билігі мен күрдтар арасындағы әскери қақтығыстарды тоқтатуды сұраған. Соңғы мәліметтер бойынша, екі жарылыс салдарынан кем дегенде 20 адам қаза тапты.