Түрік ғалымы қырым қанды безгегі бойынша семинар өткізді - Оңтүстік Қазақстан

None
ШЫМКЕНТ. Мамырдың 7-сі. ҚазАқпарат /Татьяна Пылаева/ - Қырым қанды безгегін емдеуде үлкен тәжірибесі бар түркиялық профессор Левент Доганджы Оңтүстік Қазақстан облысында жергілікті дәрігерлер үшін бірнеше семинар өткізді және облыс стационарларында ем қабылдап жатқан науқастарға кеңес берді, деп хабарлады облыстық денсаулық сақтау басқармасының баспасөз қызметінен.

Ғалым мамырдың 5-інде - Түркістанда, мамырдың 6-сында - Шымкентте облыс қалалары мен аудандарынан шақырылған инфекционист, реаниматолог және эпидемиолог дәрігерлер үшін семинар өткізді.

Маусым басталғалы бері 5780 адам кене шағып, дәрігерлердің алдына келген. Олардың 8-і - қырым қанды безгегін жұқтырғаны анықталды. «Бес адам стационарларда емделіп, жазылып шықты, 2 адам қайтыс болды, тағы бір адам әлі ем-дом қабылдап жатыр. Қырым қанды безгегін жұқтырды деп күдік келтірілген тағы 6 адам дәрігерлердің бақылауында», - делінген облыстық денсаулық сақтау департаментінің баспасөз баянында.