Түрік халық би ансамблі Ақмола облысында

Фото: None
КӨКШЕТАУ. ҚазАқпарат - Көкшетудағы «Көкшетау» мәдениет сарайында Наурыз мейрамына орайластырылған Түрік халық би ансамблінің концерті өтуде.

Қазақстан халқы Ақмола ассамблеясымен ұйымдастырылған концертке Ақмола облысының әкімдігі мен Түркияның Қазақстандағы елшілігі және Түрік мәдени орталығы мұрындық болған. Сахнаға нұр болып құйылып, күн болып көңілдерді жадыратқан түркиялық өнер шеберлерінің орындаудағы ұлттық билері ақмолалықтардын көңілінен шығуда. Бауырлас Түрік елінің салт-дәстүрі мен мәдениет насихаттайтын, ұлттар мен ұлыстардың арасындағы достық пен ынтымақты, ұлтаралық келісімді паш еткен концерттік бағдарламасы жоғары деңгейде өтіп жатыр.

Соңғы жаңалықтар