Түрік-иран шекарасында газ құбыры жарылды

None
АСТАНА. 8 қазан. ҚазАқпарат - Түркияда Иранмен шекаралас аймақта газ құбыры жарылды, деп хабарлады елдің билік өкілдері.

Би-Би-Си-дің Орыс қызметі хабарлағандай, жарылыстың себептері әзірге белгісіз, алайда полиция бұған дейін осындай әрекетке барған күрд ереуілшілерінен күдіктенуде. Хабарланғандай, Түркияда жөндеу жұмыстарын өткізу барысында уақытша Ираннан газ берілу тоқтатылды.