Бұл оқиғаға қатысты Күрдістанның жұмысшы партиясымен байланысы бар 4 адам ұсталып, жергілікті полиция бөлімшесіне жеткізілді. Тергеу барысында олар партияның құрушысы және рухани көсемі Абдулла Оджаланның 1999 жылы 15 ақпанда өмір бойы бас бостандығынан айрылған күніне орай мемлекеттік мекемелерге лаңкестік шабуыл жасамақ болғандығын мойындады.
Қазір құқық қорғау органдары бұл іске тағы кімдердің қатысы бар екендігін анықтауда.