Түрік сериалдарына тыйым салынды

АСТАНА. 18 мамыр. ҚазАқпарат - Тәжікстанның мемлекеттік кино агенттігінің басшысы Давлат Сафаровтың айтуынша, үкімет елде танымал бірнеше түрік телесериалдарын көрсетуге тыйым салды, деп хабарлайды Азаттық.

Ол түрік сериалдары көрермендерге теріс әсер етеді және фильмдерде терроризм мен экстремизм насихатталады дейді.

Түрік сериалдары соңғы екі жыл бойына тәжік көрермендеріне кең танымал болып кетті. Бірақ соңғы уақытта үкімет радикалды экстремизм тууы мүмкін деген кез-келген телевизиялық өнімге күдікпен қарайтын болды. 

Көршілес Өзбекстан да ақпан айында бірқатар түрік телесериалдарына тыйым салған болатын. Ал Әзірбайжанда наурыздан бастап елде кез-келген шетелдік теле сериалдар мен фильмдерді көрсетуге тыйым салынды.