Оқиға 26 тамыз күні болған. Кузнецова өзінің жігіті А.Ушниковпен бірге отау құруларын атап өтіп жатқан. Бұл күні олар қуаныштары қойындарына сыймай, өзенге саяхатқа шығып, рафтингке аттанады.
Басылымның жазуынша, Аленаға бір түрік жол бастаушы қайта-қайта тиісе береді. Аяғын күннен қорғайтын креммен майлап отырған қызға келіп ол: «Қане, мен майлап берейін», - деп ұсыныс жасайды.
Кузнецованың бас тартқанына қарамастан түрік қызға тиісуін тоқтатпайды. Осы кезде оған Ушников көмекке келіп, сүйген қызын қорғауға кіріседі. Түрік пен Ушниковтың арасында төбелес басталып кетеді. Жол бастаушы түрік жігітті басынан таспен тұрып сұлатып түсіреді. Қызын да соққының астына алады. Басқа түріктер де шауып келіп екеуін бас демей, көз демей ұра бастайды.
Осы әділетсіздікті көріп, көмекке ресейлік туристер де келіп жетеді. "Сырттай қарағанда бұл төбелес емес, ресейліктерді өлтіруге жасалған әрекеттей әсер етті", - дейді куәгерлер. Өйткені түріктер ешкімге де аяушылық жасамаған.