Түрік спортшысы Гулиев 200 метрге жүгіруден әлем чемпионы атанды

АСТАНА. ҚазАқпарат - Түрік спортшысы Рамиль Гулиев Лондонда жеңіл атлетикадан өтіп жатқан әлем чемпионатында 200 метрге жүгіруден жеңімпаз атанды.

Жарыс финалында Гулиев турнирдің күміс және қола жүлде иегерлері атанған Оңтүстік Африка өкілі Уэйд ван Никерка (20,11 секунд) мен тринидадтық Джерим Ричардсонды (20,11 секунд) артта қалдырып, жүгіру қашықтығын 20,09 секундта еңсерді.