Түрікмендер 1 қыркүйекте велосипедке отырады

АСТАНА. 30 тамыз. ҚазАқпарат - Түрменстан Президенті Құрбанқұлы Бердімұхамедов 1 қыркүйекке бұқаралық велсипед шеруін белгіледі. Бұл туралы EurasiaNet хабарлады.

"Бұл акция денсаулықты нығайтуға, экологиялық мәселелерді шешуге және велосипед спортын кеңінен тартауға жәрдемдеседі", деп мәлімдеді бұдан бұрын мемлекет басшысы. Түрікмен мемлекеттік агенттігінің хабарлауынша, веложорыққа "барлық азаматтар - балалар, мектеп оқушылары, стденттер, әртүрлі сала қызметкерлері қатысады.". Акцияға қатысудан бас тартқандарға немесе 1 қыркүйекте автомобильді пайдаланғандарға қандай санкциялар қолданылатыны белгісіз.

"Түркімен хроникасынң" хабарлауынша, мемлекеттік қызметкерлерге өз қаржысына велосипед сатып алуға мәжбүрлеген. 3 тамызда Бердімұхамедов бірнеше ондаған жергілікті шенеуніктермен бірге велосипедпен серуендеуге шыққан. Велосипед тебу бірнеше сағатқа жалғасқан. Кейбіреулері аптап ыстыққа шыдай алмай есінен айырылған (3 тамызда Ашхабадтағы ауаның температурасы Цельсий бағанымен 39 градусқа жеткен).

Бұдан бұрын осы жылғы сәуірде мемлекет басшысының нұсқауымен ел тұрғындарын "Денсаулық пен бақыт аптасы) ауқымында жаппай денешынықтыруға қатысуға мәжбүрлеген болатын.