Бұл жөнінде Қазақстан Республикасының Өзбекстан Республикасындағы дипломатиялық өкілдігінде жұма күні өткен «дөңгелек үстелде» Түрікменстанның Өзбекстандағы Төтенше және Өкілетті Елшісі Солтан Пірмұхамедов мәлімдеді.
Елшінің айтуынша, «дөңгелек үстел» басында айтылған проблемалар үнемі талқылаудың тақырыбы болып табылады. Осыған байланысты оларды іске асырудың іс-шараларын қабылдау қажет. «Бұл ЕҚЫҰ-ға қатысушы-мемлекеттердің күштерін үйлестіруді талап етеді. Сондықтан біздер өз мүмкіндіктеріміз шегінде, 2010 жылы Қазақстан Республикасына жүктелетін күрделі міндетті шешуде Қазақстанға көмектесу үшін барлық ақпараттарды өз мемлекеттерімізге, басшылыққа жеткіземіз. Біздер Қазақстанның әлеуетін, оның мүмкіндіктерін жақсы білеміз», - деді С.Пірмұхамедов.
«Біздер Қазақстанның да және ЕҚЫҰ-ға мүше-мемлекеттердің қай-қайсысының да оң бастамаларына қолдау білдіруге даярмыз. Егер олар біздердің тәуелсіздік алған алғашқы күннен бастап ұстанып отырған өзіміздің мүдделерімізге және бейтарап мәртебемізге жауап беретін болса», - деп сөзін түйіндеді елші.