Республика президенті Құрбанқұлы Бердымұхамедов мәдениет пен бұқаралық ақпарат құралдарын дамытуға арналған кеңесте, ел үкіметіне «Әлем әдебиеті» жұрналын түрікмен тілінде шығаруды тапсырды.
Мемлекет басшысының айтуынша, жаңа басылымда түрікмен тіліне аударылған әлемдік әдебиет классикасының туындылары басып шығарылуы керек.
Қ. Бердымұхамедовтың пікірінше, бұл, ең алдымен, жастар үшін қажет.