13:16, 15 Маусым 2009
Түрікменстанда Аваза туристік аумағындағы алғашқы нысандар ашылады
АШҒАБАД. Маусымның 15-і. ҚазАқпарат - Түрікменбасы қаласында (Түрікменстан) Каспий жағалауындағы Аваза Ұлттық туристік аумағының бірінші кезең нысандарының ашылу рәсімі болады,
деп хабарлайды ҚазАқпарат РБК агенттігіне сілтеме жасап. Шараға туристік аумақтың құрылысын өзі бақылап отырған Түрікменстан Президенті Құрбанқұлы Бердімұхаммедов қатысады. Жоспарланған іс-шаралар аясында курорт құрылысының екінші кезеңнің таныстырылымын өткізу жоспарлануда. Екінші кезеңдегі нысандардың қатарында теңіз және жағажай субұрқақтарынан тұратын саябақ кешенін тұрғызу, шаңғы-спорттық базасын салу, әуежайға баратын жолда эстакада көпірлерін салу, мәдени-ойын-сауық орталығын, спорт алаңын, бассейн және супермаркет тұрғызу, отельдер құрылысын жалғастыру жоспарланып отыр. Қ.Бердымұхаммедов Каспийдің шығыс жағалауында Аваза Ұлттық туристік аумағын салу туралы қаулыға 2007 жылдың шілде айында қол қойған болатын. Құрылысын 2020 жылға қарай аяқтау жоспарланып отырған курорт Түрікменбасы қаласына жақын жерге қоныс тепкен.