Биыл түрікмендік диқаншылар алдында күздік дақылға бөлінген 760 мың гектардан 1 млн 600 мың тонна астық жинау міндеті тұр. Алқаптардың көп бөлігіне жоғары өнім беретін бидай сұрыптары егілген.
Тұтастай елде 2017 жылғы науқанға бір жарым мыңдай астық жинайтын комбайн тартылды.
Бидай 161 қабылдау пунктіне - элеватор мен қоймаларға жеткізіледі. Тасымалдауды 9 мыңға жуық жүк көлігі қамтамасыз ететін болады.