Түрікменстан, Қазақстан, Әзербайжан, Иран және Ресейден келген балалар командалары спорттың алты түрінен: шағын футбол, волейбол, баскетбол, үстел теннисі, шахмат және белбеуден ұстап күресуден жарысады.
Бәсеке «Аваза» спорт кешенінде болады.
Сондай-ақ, шара аясында дарынды балалардың VI Халықаралық фестивалі өтеді.
Мәдени-спорттық форумның басты мақсаты - каспиймаңы елдері халықтарының өзара достығы мен сенімін өскелең ұрпақ арқылы нығайту, спортты насихаттау, балаларды рухани тәрбиелеуге үлес қосу.