Түрікменстанда Қазақстанда шығарылатын құрылыс материалдары таныстырылды
Көрменің негізгі мақсаты - заманауи технологияларды, жобаларды және бәсекеге қабілетті өнімдерді паш ету, сауда-экономикалық байланыстарды кеңейту, инновациялық технологиялар саласында тәжірибе алмасу, тауар өндірушілер және тұтынушылар арасындағы байланыстарды жолға қою. «Түрікмен құрылысы - 2018» халықаралық көрмесіне әлемнің 14 елінен - Қытай, Ресей, Германия, Испания, БАӘ, Австрия, Франция, Грекия, Финляндия, Польша, Түркия, Қазақстан, Әзербайжан, Украинадан 130-дан астам компания қатысты.
Қазақстандық тарап түрікмен кәсіпкерлерімен келіссөздер барысында жалпы сомасы 30 мың АҚШ долларына «Elif Chemicals» ЖШС құрғақ құрылыс қоспаларын жеткізіп беру шартына қол қойды.