Түрікменстанның жоғары лауазымды шенеуніктері Қытай жүк көліктерінің кесірінен жұмыстарынан айырылды

АСТАНА. 21 шілде. ҚазАқпарат - Түрікменстан Президенті Гурбангулы Бердімұхамедов жұмыстағы айтарлықтай кемшіліктері үшін бас мемлекеттік қызмет - «Туркменстандартларының» төрағасы Нұргелді Оразовты жұмыстан босатты.

РИА Новости ақпараты бойынша, мұндай шешімді Түрікменстан басшысы көлік және байланыс, құрылыс, энергетика мен өндіріс кешендерін дамытуға арналған Үкімет сағатында қабылдаған. Жиында сөз сөйлеген Түрікменстанның бас прокуроры Яранмырад Язмырадов «Туркменстандартлары» мемлекеттік қызметін қытайлық Ноwо маркалы үлкен жүк көліктерін ел аумағында пайдалануға заңсыз құжат бергендігі үшін айыптады. Бас прокурордың сөзіне қарағанда, Ноwо жүк көліктері құжаттарды стандарт бойынша алған, алайда техникалық сипаттамасы жергілікті климат жағдайларына сәйкес келмейді, қозғалтқыштарындағы шудың деңгейі жоғары және тежегіш жүйесінде ақаулар бар көрінеді.
Сондай-ақ Ноwо жүк көліктерінің тасымалдайтын жүк салмағы 10 тоннадан артық екендігі, соның салдарынан тасжолдардың тез бүлінетіні белгілі болды. Осыған орай Түрікменстан Президенті мемлекеттік «Туркменстандартларының» қызметінің төрағасы Нұргелді Оразовты қызметінен босатты. Одан өзге елдің Көлік министрі Сердар Беркелиев те жұмысынан айырылды.

 

1tv.kz