Қазақстан Парламенті Мәжілісінің депутаты Нұрлан Дулатбеков басқаратын, құрамында Қазақстан, Әзербайжан, Түркия парламентінің депутаттары бар байқаушылар миссиясын Қырғыз Республикасы Жогорку Кенешінің (Парламент) төрағасы Чыныбай Турсунбеков қарсы алды.
Қырғыз Парламентінің спикері ТүрікПА ұйымы қызметінің түбі бір мемлекеттердің арасын жақындатуда маңызды рөл атқаратынын атап өтіп, ассамблея қызметін кеңейтуге бағытталған Қазақстанның биылғы жылғы төрғалығына жоғары баға берді.
Айта кетейік, Қырғызстанда 11 желтоқсан күні ел Конституциясына өзгерістер енгізу мақсатындағы жалпыхалықтық референдум мен жергілікті кенештердің сайлауы өткізілмек.