Алдын ала мәліметтер бойынша, зымыран соққысынан құрбан болғандар жоқ. Әуежайдың жолаушылары мен қызметкерлері қауіпсіз жерге паналады.
Жергілікті биліктің ақпаратына қарағанда, шабуыл мақсаты полицияның бақылау-өткізу бекеті болған. Оқиға салдарынан рейстер тоқтатылған жоқ.
Зымырандық шабуылды жүзеге асыруға Түркияда тыйым салынған Күрдістан жұмысшы партиясының мүшелері күдіктелуде.