Турист фильм үшін дайындалған 12 метрлік ағаш аттан құлап, қаза тапты

АСТАНА. ҚазАқпарат - Түркияның Чанакалле қаласында турист фильм үшін дайындалған12 метрлік ағаш аттан құлап, мерт болды. Қайғылы оқиға туралы RusTurkey.com порталы хабарлады.

55 жастағы Местан Гюней қоршаудан өтіп, 12 метрлік ескерткіштің ең жоғары жағына көтерілген. Алайда, ол төмен түспек болған кезде құлап кетіп, бетонның үстіне басымен түскен. Дәрігерлер оның өмірін құтқарып қала алмады, ер адам ауруханада көз жұмды.

Трояндық ат ескерткіші бұл қалада Гомердің «Иллиада» поэмасы бойынша голливудтық «Троя» блокбастерінің түсірілімі үшін орнатылған. Ол дәл осы қалада тұр, себебі Трояны Чанакалладан шыққандар тұрғызған.