Жыртқыштар жағаға шығып қалған киттің жемтігіне бола жиналған.
«Бұл жерде ұрғашы да, аталық та аюлар, сондай-ақ түрлі жастағы қонжықтар да болды. Төрт қонжығы бар екі ұрғашы аюды кездестірдік», - делінген қорықтың баспасөз қызметінің хабарламасында.
Осы ерекше оқиға туралы дерек аталған аралда жұмыс істеген ақ аюлар популяциясына бақылау жүргізетін халықаралық ғылыми топқа хабарланды.