Британдық үкімет ресейлік «Когалымавиа» компаниясының А321 ұшағы апатынан кейін өз азаматтарын эвакуациялауды бастайтыны туралы хабарлады. Британдықтардан чемодандарын қонақүйде қалдыру талап етілді (жүк жеке жеткізіледі). Жұмада тағы да бірқатар басқа елдердің рейстері тағайындалды, оның ішінде Германия, Иордания, Грекия, Дания, Ирак және Ресейге бірнеше рейс бар. Әуежай алдында әскерилер барлық машинаны тексереді, тексеру кезінде жолаушылар аяқ киімдерін шешуге мәжбүр. Британдық үкімет он күннің ішінде 20 мың адамды алып кетуді көздеп отыр.
23:07, 06 Қараша 2015
Туристер Шарм-эль-Шейх қаласынан жаппай кетіп жатыр
АСТАНА. ҚазАқпарат - Мыңдаған туристер жұма, 6 қарашада, Шар-эль-Шейх әуежайының аумағына жиналды.