Мұндай тұжырымды саяхатшыларға арналған TripAdvisor сайтының қызметкерлері жасады. Олар келушілер арасында тиісті сауалнама жүргізіп, неғұрлым арзан қалалардың рейтингін жасаған.
Қалалардың тізімі төрт жұлдызды қонақүйге (бір түнге) екі ересек адамның орналасуы, әуежайдан және кері бағытқа такси жалдау, мейрамханадағы кешкі ас бағасын, бес жұлдызды қонақүйдегі коктейль құнын (маусымнан тамыз айына дейін) есепке алумен жасалды. Сонымен, бұл қызметтер кешені Вьетнамдағы Ханой қаласында арзанға түседі екен. Онда осының барлығы үшін 155,3 доллар ғана қажет. Айта кетейік, туристерге Еуропаға ұшу және кері бағытқа сол жолмен қайту үшін орта есеппен 1185 доллар көлемінде қаражат қажет.