Ақмола облыстық балалар мен жасөспірімдердің туризм, өлкетану және экология орталығынан мәлім еткендей, жарысқа Ақмола, Ақтөбе, Батыс Қазақстан, Солтүстік Қазақстан, Қарағанды облыстарымен қатар, Астана және Алматы қалаларынан 100-ден астам адам қатысты. Олар 19 команда болып бақ сынады. Оның ішінде Ақмола облысынан «Фирн», «5 Биіктік» және «Синегорье», «Фирн-2» және «Көкше» тәрізді 5 команда жарыс жолына шықты. Сайыс «техникалық», «жеке - командалық» және «кросс-жорық» тәрізді кезеңдерден тұрды.
Жеңімпаздар 3 дәреже бойынша анықталды:
Ересектер арасында
«Фирн» Ақмола облысы - 1 орын
«Батыс West-2» Батыс Қазақстан облысы - 2 орын
«Астана Жігер» Астана қаласы - 3 орын
Балғындар арасында
«5 Биіктік» Ақмола облысы - 1 орын
«Батыс West-4» Батыс Қазақстан облысы - 2 орын
«Жеңіс» Қарағанды облысы - 3 орын
Жасөспірімдер арасында
«Фирн-2» Ақмола облысы - 1 орын
«Штурм-65» Астана қаласы - 2 орын
«Батыс West-5» Батыс Қазақстан облысы - 3 орын
Жарыс жеңімпаздарына арнайы грамоталар мен бағалы сыйлықтар тапсырылды.