Туристік қызмет көрсететін компанияларда азаматтық-құқықтық жауапкершілікті міндетті сақтандыру болуы тиіс - ҚР ИДМ

АСТАНА. ҚазАқпарат - Қазақстан Республикасы Инвестициялар және даму министрлігі алдағы жазғы туристік маусымда сенімсіз туристік компаниялармен туындауы мүмкін мәселелерден аулақ болу үшін демалысты ұйымдастыру және жолдама сатып алу мақсатында туристік компанияны таңдаған кезде мынаған назар аударуыңызды сұрайды:

«Қазақстан Республикасындағы туристік қызмет туралы» Қазақстан Республикасының Заңына сәйкес, туроператорда және турагенттікте туроператордың және турагенттің азаматтық-құқықтық жауапкершілігін міндетті сақтандырудың жарамды шарты болған кезде туроператорлық және турагенттік қызметті жүзеге асыруға жол беріледі.

Туроператордың немесе турагенттiң туристiк қызмет көрсетудi жүзеге асыруы кезiнде туристердiң мүлiктiк және (немесе) өзге де мүдделерiн қорғауды сақтандыру төлемдерiн жүзеге асыру арқылы қамтамасыз ету туроператордың немесе турагенттiң азаматтық-құқықтық жауапкершiлiгiн мiндеттi сақтандырудың мақсаты болып табылады.

Осыған орай, төтенше түрлі жағдайдан аулақ болу үшін, туристік компаниядан барлық қажетті құжаттарды сұрау қажет, онық ішінде азаматтық-құқықтық жауапкершілігін міндетті сақтандырудың жарамды шарттың болуы.